ҚР Қауіпсіздік кеңесінің отырысында ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мемлекеттік бақылауды күшейту қажеттілігі атап өтілді

АСТАНА. 2 қараша. ҚазАқпарат - Бүгін Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары Қозы-Көрпеш Жаңбыршин Қауіпсіздік кеңесінің Ведомствоаралық комиссиясының отырысын өткізді.

ҚР Қауіпсіздік кеңесінің отырысында ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мемлекеттік бақылауды күшейту қажеттілігі атап өтілді

Отырыс барысында бірқатар мәселелер қарастырылып, олар бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті, «Сырбар» сыртқы барлау қызметі мен Қауіпсіздік кеңесі хатшылығы өкілдерінің баяндамалары тыңдалды.

Талқылаулар аясында ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мемлекеттік бақылауды күшейту қажеттілігі атап өтіліп, өкілетті мемлекеттік органдарға тиісті тапсырмалар мен ұсыныстар берілді.