ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің ведомствоаралық комиссиясы отырысында «Сарышаған» полигонындағы экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері талқыланды
АСТАНА. Маусымның 30-ы. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшылығында Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының орынбасары Қозы-Көрпеш Жаңбыршиннің төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесі ведомствоаралық комиссиясының экологиялық қауіпсіздік мәселелеріне арналған кезекті отырысы өтті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Отырыста «Сарышаған» полигонындағы экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етумен байланысты, сондай-ақ Қазақстан 2007 жылы ратификациялаған тұрақты органикалық ластауыштар туралы Стокгольм конвенциясы ауқымындағы шаралардың орындалуы туралы өзекті мәселелер қаралды.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша, Қоршаған ортаны қорғау министрінің міндетін атқарушы Елдана Сәдуақасованың және Қорғаныс министрінің орынбасары міндетін атқарушы, генерал-лейтенант Бақытжан Ертаевтың баяндамалары тыңдалды.
Отырыс қорытындысында мемлекеттік органдарға тиісті тапсырмалар берілді.