ҚР кейбір заңнамалық актілеріне қайырымдылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев заңнаманы «Қайырымдылық туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес келтіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қайырымдылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлайды.
Заң мәтіні баспасөзде жарияланады.