ҚР кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер енгізілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жергілікті өзін-өзі басқаруды жетілдіру бөлігінде бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам - Ұлт жоспарын іске асыруға бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.
Заң мәтіні баспасөзде жарияланады.