ҚР кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау мәселелері бойынша өзгерістер енгізілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.

ҚР кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау мәселелері бойынша өзгерістер енгізілді

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.

Заң бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам - Ұлт жоспарын іске асыруға және заңнаманы «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес келтіруге бағытталған.

Заң мәтіні баспасөзде жарияланады.