18:15, 23 Қараша 2015 | GMT +5
ҚР кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер енгізілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам - Ұлт жоспарын іске асыруға және заңнаманы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес келтіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.
Заң мәтіні баспасөзде жарияланады.