ҚР кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер енгізілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ел заңнамасын жаңа «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес келтіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.
Заң мәтіні баспасөзде жарияланады.