ҚР ҚК ӘҚК әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері бес зениттік-зымырандық кешенімен толықтырылды (ФОТО)
Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Кешен Алматы маңындағы «Жетісу» станциясына теміржол көлігімен жеткізілді. «С-300ПС зениттік-зымырандық жүйелер жауынгерлік практикалық оқ атуларда сыналады және Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін тасалау бойынша жауынгерлік кезекшілікті атқару үшін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері ӘҚК әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің бағынысты әскери бөлімдеріне жарақтандырылуға берілетін болады», - деді ҚР ҚК ӘҚК әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Нұржан Мұқанов.
С-300ПС зениттік-зымырандық кешені шағын төмен ұшатын нысаналарды жою үшін арналғанын атап өткен жөн. С-300ПС зениттік-зымырандық жүйелерді алғаннан кейін әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін тасалау бойынша күзет пен қорғаныстың қабілеттілігін күшейтеді.