ҚР ҚК әскери бөлімдерінде жазғы оқу кезеңі қарсаңында дайындық іс-шаралары басталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері мен құрамаларында жазғы оқу кезеңіне дайындалу аясында даярлық іс-шаралары өткізілуде, деп хабарлайды ҚР ҚМ баспасөз қызметі.

ҚР ҚК әскери бөлімдерінде жазғы оқу кезеңі қарсаңында дайындық іс-шаралары басталды

null

Қазіргі уақыттаәскерлер мен жеке құрамның жазғы оқу кезеңіне дайындығын жоспарлы тексеру басталып кетті. ҚР ҚК әскери бөлімдері мен құрамаларында сапалы дайындықты ұйымдастыру мақсатында жазғы оқу кезеңінің тактикалық-саптық сабақтарын жоспарлау, ұйымдастыру және оларды өткізу жөніндегі нормативтік-құқықтық актілері әзірленуде.

null

Әскери бөлімдерде әскери қызметшілерді оқыту біліктілік талаптарын, атқаратын міндеттерінің ерекшеліктерін, шарттарын, атқаратын лауазымын ескере отырып, қауіпсіздік талаптары негізінде жасалды. Сонымен қатар, қару-жарақ пен әскери техниканы жазғы пайдалану режиміне ауыстыру, далалық жағдайларда сабақтарды өткізу үшін материалдық оқу-жаттығу базасын дайындау жөнінде жоспарлы жұмыстар жүргізілуде.

null

2017 жылдың Жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес Қазақстанның Қарулы Күштерінде маусым айының 1-9 аралығында Әскерлердің жауынгерлік даярлық мәселелері бойынша тактикалық-саптық сабақтар өтетінін айта кеткен жөн.