ҚР ҚК әскери қызметшілеріне арналған 150-ден аса пәтер пайдалануға берілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың басынан 154 әскери қызметші мен олардың отбасы күрделі жөндеуден кейін жаңартылған баспанаға қоныстанды.
None
None

Оның ішінде 42 пәтер Ақмол кентіндегі 60 пәтер Шеңгелді кентінде және 52 пәтер Гвардейск кентіндегі әскери бөлімдерде қызмет өткеріп жатқан әскери қызметшілерге тапсырылды, деп хабарлайды ҚР ҚМ баспасөз қызметі. Күрделі жөндеуден кейін тұрғын үйлерде барлық терезелер мен есіктер, жабын және инженерлік тораптар толық ауыстырылды, қасбет жөнделді. Өткен он ай ішінде пайдалануға тапсырылған баспананың жалпы ауданы шамамен 21 367 шаршы метрді құрайды. Күрделі жөндеу Қазақстанның әскери қызметшілерін тұрғын үймен қамтамасыз ету жүйесінің бөлігі болып табылады. Ол әскери қызметшілерді әлеуметтік қолдау және тұрмыстық жағдайларын жақсарту мақсатында баспана салу және дайын тұрғын үй сатып алумен қатар жүзеге асырылады. Соңғы бес жыл ішінде 2009 жылдан бастап 2014 жылға дейін Қазақстанның әртүрлі қалалары мен өңірлерінде әскери қызметшілер үшін 6 336 пәтер, оның ішінде 273 пәтерден тұратын 201 жекежай пайдалануға берілгенін айта кеткен жөн.

Соңғы жаңалықтар