ҚР ҚК Әскери-теңіз күштерінде жаңа жұмыс режимі енгізілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР ҚК Әскери-теңіз күштерінің жеке құрамы үшін жұмыс аптасын ұйымдастырудың жаңа принципі енгізілді. Енді Әскери-теңіз күштерінде бір айда екі жұма күні қысқа жұмыс күні болып табылады, деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

ҚР ҚК Әскери-теңіз күштерінде жаңа жұмыс режимі енгізілді

«Отбасы күні» аталған бұл күндер америкалық әріптестер тәжірибесінен алынған. Айына екі рет жұма күндері (әр айдың бірінші және үшінші жұмасы) командирдің рұқсатымен әскери қызметшілер жеке мәселелерін шешу үшін жұмыстан сағат 15.00-ден кейін кете алады.

Айта кетсек, Әскери-теңіз күштерінде 2014 жылдың 1 қаңтарына дейін 6 күндік болып келген жұмыс аптасы былтыр бескүндікке ауыстырылған болатын.