ҚР ҚК әуе қорғанысының жауынгерлік дайындығын жоспарлы тексеру басталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Осы аптадан бастап ӘҚК бас қолбасшысы, авиация генерал-майоры Нұрлан Орманбетовтің басшылығымен Үшарал және Алматы горнизондарында жоспарлы жұмыс тексерісі басталды, деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен.
None
None

ӘҚК бас қолбасшысының басшылығымен кешенді комиссия Боралдай және Жетіген елді мекендері аумағында орналасқан Алматы горнизонының әскери бөлімдерін тексерді.

Бүгін комиссия Үшарал горнизонына барады. Олар әскери қызметшілердің жауынгерлік дағдыларын, бөлімшелердің ретке келтірілгендігін және олардың тағайындау бойынша міндеттерді орындауға әзірлік деңгейін тексеріп, бағалайды.

Еске салсақ, жоспарлы жұмыс тексерісі апта соңына дейін жалғасады. Ол аяқталысымен әскери қызметке дайындық және әскери тәртіпті нығайту бойынша әдістемелік ұсыныстар беріледі, сондай-ақ әскери бөлімдер командирлері мен жекелеген радиотехникалық батальондарының командирлеріне қажетті көмек көрсететін болады.

Соңғы жаңалықтар