19:41, 20 Наурыз 2014 | GMT +5
ҚР ҚК Бас штабының бастығы Семей гарнизоны әскери бөлімдерінің жауынгерлік әзірлігін тексерді (ФОТО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы, генерал-полковник Сәкен Жасұзақов Семей гарнизонында болып, 44736 әскери бөлімінің жауынгерлік әзірлігін тексерді, деп хабарлайды қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Жұмыс сапары барысында генерал-полковник С. Жасұзақов жеке құрамның жауынгерлік дайындығы және машығымен, қару-жарақ пен әскери техниканың жағдайымен, бөлімнің оқу-материалдық базасымен танысты. Сонымен қатар, бөлімшелерді келісімшарт бойынша әскери қызметшілермен жасақтауға айрықша көңіл бөлді.
Кездесуді қорытындылаған ҚР ҚК Бас штабының бастығы жеке құрамның жоғары моралдық және патриоттық рухын атап өтіп, «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері қойылған міндеттерді орындайтынына сенім білдірді.