ҚР ҚК десанттық-шабуылдау әскерлерінің оқу-жаттығуы өтіп жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылғы 7 қарашада Елбасы - ҚР ҚК Жоғарғы Бас Қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша ҚР Қорғаныс министрі ҚР ҚК десанттық-шабуылдау әскерлері мен Әуе қорғанысы күштерінің әскери бөлімдерін дабыл бойынша көтеріп, жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтірді, деп хабарлайды Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

ҚР ҚК десанттық-шабуылдау әскерлерінің оқу-жаттығуы өтіп жатыр

null
Қарулы Күштерде ҚР ҚК десанттық-шабуылдау әскерлерімен кенеттен оқу-жаттығу басталды. Тексеріс шеңберінде лектердің құрылу ауданына әскери техниканың шығуы жүзеге асырылды. Әскерлер әскери полигондарға ұзақ қашықтыққа құрамдастырылған тәсілмен жорыққа шығады. Оқу-жаттығуға 5000-ға жуық әскери қызметші, шамамен 500 бірлік қару-жарақ пен әскери техника, 20-дан аса бірлік ұшақ пен тікұшақ тартылды. Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты арнайы әскери операцияны дайындау және жүргізу, әскер тектерінің бөлімдері мен құрамалары арасындағы түраралық өзара іс-қимылды ұйымдастыру, сондай-ақ, арнайы әскери операцияны жүргізу амалдары мен тәсілдерін жетілдіру жөнінде тапсырмаларды орындауға басқару органы мен әскерлердің жай-күйін тексеру болып табылады.

 Оқу-жаттығу 11 қарашаға дейін жалғасады. 

null