ҚР ҚК-нің арнайы мақсаттағы жауынгерлері алғаш рет Эльбрус шыңын бағындыруға аттанады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы облысының Жоңғар Алатауы аумағында 48386 әскери бөлімі арнайы мақсаттағы ротаның әскери қызметшілері таулы даярлық бойынша тапсырмаларды пысықтады, деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен.
None
None

Сабақтар «Эльбрус шығыршығы - 2016» халықаралық сайысына қатысу үшін жеке құрамның жауынгерлік даярлық деңгейін арттыруға бағытталған.

Жарыс Ресей Федерациясында өтеді. Теңіз деңгейінде 5 642 метрдегі ғаламшардың ең биік шыңы Эльбрусты бағындыру үшін өзге елдің мықты әскери альпинистерімен күресуде әскери қызметшілер құзға өрмелеу, таулы өзендер арқылы өткелден өту, арқаннан өту және таулы жерде жаралыны көшіру элементтерін пысықтайды. 

Одан басқа, 48386 әскери бөлімінің арнайы мақсаттағы жауынгерлері «Суық төбе» және «Мұзтау» шыңдарын бағындырды.

Сабақ барысында келісімшарт қызметінің әскери қызметшілері кіші сержанттар Асхат Оразбаев пен Жандос Серікбаев таулы даярлықта жақсы нәтижелер көрсетті. Жеке құраммен моральдық-психологиялық және тәрбие жұмысын ұйымдастыруда рота командирі Ерлан Оңғарбаев жақсы жағынан атап өтілді. 

Таулы даярлық бойынша сабақтар 2016 жылдың қысқы оқыту кезеңіне арналған әскерлердің жоспарларына сәйкес өткізілді. Биылғы оқу жылының «Мәңгілік ел» тұғыры - Қуатты Армия!» ұранымен жауынгерлік даярлықтағы негізгі күш-жігер дәл осы таулы даярлыққа бағытталғанын айта кеткен жөн.

 

 

Соңғы жаңалықтар