ҚР ҚК-нің әскери қызметшілері болашақ журналистерді соғыста жұмыс жасауға дайындауда

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада ҚР Қорғаныс министрлігінің мұрындық болуымен экстремалды журналистика бойынша «Әскери дискурс» практикалық семинары басталды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

ҚР ҚК-нің әскери қызметшілері болашақ журналистерді соғыста жұмыс жасауға дайындауда

Ең қызығы, қатысушылар ретінде семинарға қатысуға алғаш рет Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде білім алып жүрген болашақ журналистер мен саясаттанушылар шақырылды. Үш күн ішінде ҚР Қарулы Күштерінің тәжірибелі әскери нұсқаушылары, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, алдыңғы «Әскери дискурс» семинарларының қатысушылары бозбалалар мен бойжеткендерге қарулы қақтығыс аймағында журналистің жұмыс жасау негіздерін үйретуге тырысып бағады. Олар әскери іс-қимыл ошағында жұмыс жасай отырып, өмірді қалай сақтап қалуға болатынын және сапалы журналистік материал жасау, жеке деректерді қалай қорғау және экстремалды жағдайларда журналиске не істеу керек екенін айтып, көрсетіп береді.

«Жастардың көңіл-күйі керемет, көздері жалындап тұр. Олардың біршамасы журналистикадағы бағыт-бағдарды әлі айқындаған жоқ. Алайда, әскери журналистика олар үшін өте қызықты екені даусыз. Кейбір жастардың қазақстандық баспа басылымдарында әскери тақырыпта қалам тербеп, журналистік материалдар жазуда тәжірибелері де бар. Біздің міндетіміз - базалық негіз беру, болашақ журналистің нені білуі тиіс, қандай қиындыққа душар болады, оны не күтеді екенін түсіндіру», - деді «Әскери дискурс» семинарының бас нұсқаушысы майор Рустам Эюбов.

Семинар дәріс, практикалық сабақтар және кәсіби тапсырмалар форматында бірнеше жерде өтеді. Бейбіт жағдайда ғана емес, сонымен бірге соғыс жағдайында да өзінің кәсіпқойлық міндеті бойынша болашақ журналистер үшін аталмыш семинар кәсіби тұрғыда даму және өсу үшін тамаша мүмкіндік. Әсіресе, «Әскери дискурс» практикалық семинары жоғары оқу орнын тәмамдағаннан кейін әскери журналистикада жұмыс жасауға бел байлағандар үшін пайдалы болып табылады.