ҚР ҚК офицерлер корпусы жоғары білікті мамандармен толықтырылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін «Әскери және мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша Елбасы - Тұңғыш Президент атындағы Ұлттық қорғаныс университетінде біліктілікті арттыру курсын тәмамдаған ҚР ҚК офицерлерінің салтанатты шығарылымы өтті.
None
None

Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Талгат Мұхтаров бітірушілерді құттықтап, курсты аяқтағаны туралы куәліктерді табыс етті. «Ұлттық қорғаныс университетінде алған білімдеріңіз кәсіби шеберліктеріңізді әрі қарай жетілдіруге көмектеседі, жалпы Қарулы Күштердің дамуына ықпал етеді деп ойлаймын. Баршаларыңызға сәттілік, денсаулық және мансаптық өсу тілеймін», - деді ол.

Бүгінгі таңда жоғары оқу орнынан кейінгі білім әскери кадрларды даярлауда ерекше орын алады. Ол әскери экономиканы, әскери өндірісті, әскери ғылымды жетілдіру және жаңа технологияларды әзірлеу мәселелерін шешуге қабілетті жаңа формациядағы әскери-ғылыми, ғылыми-педагогикалық мамандарды даярлаудың тиімді жүйесін қамтамасыз етеді.

Ұлттық қорғаныс университеті әскери тактика және стратегия, заманауи әскери құрылыс саласында офицерлерге кең ауқымды білім мен дағды береді. Жақында ғана Ұлттық қорғаныс университетін ҚР ҚК-нің 102 офицері тәмамдады.

Соңғы жаңалықтар