ҚР ҚК ұшқышсыз ұшу аппараттарының операторларын жаңа әдіс бойынша оқытуда (ФОТО)

Қару-жарақтар мен әскери техникаларды жетілдіру аясында Құрлық әскерлеріне қарасты құрамалар мен бөлімдер әскери іс-қимылды қамтамасыз ету мүддесінде барлау жүргізу үшін жаңа ұшқышсыз ұшу аппараттарымен жабдықталуда. Аталған израильдік өнімді шығарушылар, күрделі әскери ахуалдарда ұшқышсыз ұшу аппараттарын жетілдіру мен қолдануда мықтылардың бірі болып саналатынын айта кеткен жөн. Әуе барлауын жүргізуде ұшқышсыз ұшу аппараттары ерекше таңғалдырды. Шусыз электрлі қозғалтқышты кешенмен жабдықталған, салмағы небәрі 10 келі аппаратты кез-келген уақытта ұзақтығы 40 шақырым жерден, сонымен қатар биіктігі 4 мың метрден басқарып қана қоймай, аумағы 10 шаршы шақырымды бақылауды жүзеге асырады.
Жаңа заманның қуатты электронды аппаратурасы жерде жеке адамдарды бақылап, шынайы уақыт режіміндегі операторға «көргенін» дәл жеткізіп бере алады. Содан кейін оператор алынған мәліметтерді пысықтап, оны басшылыққа жібереді, сонымен қатар жіберілген мәліметтің негізінде әскерлер мен күштерді ұйымдастыру үшін шешім қабылданады. «Ұшқышсыз ұшу аппараттары» қосымша инфрақұрылымды, атап айтқанда, әуеайлақтар мен май құятын орындарды қажет етпейді. Сондай-ақ жердегі радарларға мүлде байқалмайды. Олар барлау іс-қимылдарының жылдамдығын, ауқымы мен жіктелуін шынайы арттыруға, сондай-ақ әскерлер үшін маңызды мәліметтерді алған сәтте адамдық ресурстардың сақталуына мүмкіндік береді.