ҚР ҚК жаңа жобасы бойынша жемқорлардың заңды жолмен тапқан мүлкінен басқаның барлығы тәркіленеді

АСТАНА. 11 қазан. ҚазАқпарат - ҚР Қылмыстық кодексінің халықаралық тәжірибе ескерілген жаңа жобасында жемқорлардың заңды жолмен тапқан мүлкінен басқасын тәркілеу туралы нормалар енгізіледі.
None
None

Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Сенатында өткен «Қылмыстық құқық пен процестің конституциялық-құқықтық проблемалары» атты конференцияда ҚР Бас прокурорының бірінші орынбасары Иоган Меркель айтты.

«Халықаралық тәжірибені ескере отырып, тәркілеу жазасын қолдану кезінде жемқордың заңды жолмен тапқан дүние-мүлкінен басқаның барлығы мемлекет пайдасына алынады», - деді И. Меркель.

Оның айтуынша, мұндай тәркілеу түрі Ұлыбритания, Германия, Швейцария, Ресей және Бельгияда қолданылады.

«Франция мен Жапонияда ол тек адамзатқа қарсы жасалған қылмыстарда ғана қолданылады. Қылмыстық кодекстің жаңа редакциясында біз азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтайтын, уақыт тезінен өткен, өзін-өзі ақтаған қылмыстық-құқықтық институттар мен нормаларды сақтап қалдық», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар