ҚР ҚК жаңа жобасында қылмыс жасағаны үшін өлім жазасы қарастырылатын бап саны қысқартылды

АСТАНА. 19 ақпан. ҚазАқпарат - ҚР ҚК жаңа жобасында қылмыс жасағаны үшін өлім жазасы қарастырылатын бап саны қысқартылды.
None
None

Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде өткен «Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің жаңа редакциясында көзделген өлім жазасы және өмір бойы бас бостандығынан айыру жаза түрлері» атты дөңгелек үстел отырысында ҚР Бас прокуратурасы институтының басқарма бастығы Руслан Тоқтағұлов айтты.

«Қолданыстағы Қылмыстық кодексте өлім жазасы 18 қылмыс құрамында көзделген, ал жаңа жобада - 16. Конституцияға және жоба ережесіне сәйкес өлім жазасы адамдардың өліміне әкелген лаңкестік қылмыс жасағаны, сонымен қатар әскери уақытта аса ауыр қылмыс жасағаны үшін қалдырылады», деді ол.

Соңғы жаңалықтар