17:42, 03 Маусым 2009 | GMT +5
ҚР ККМ Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары тағайындалды
АСТАНА. Маусымның 3-і. ҚазАқпарат. Бүгін, маусымның 3-де Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрі Ә. Құсайыновтың бұйрығымен ҚР ККМ Азаматтық авиация комитетінің төраға орынбасары болып Ластаев Талғат Тлеубекұлы тағайындалды.
Ол бұған дейін ҚР ККМ Автомобиль жолдары комитеті сапаны бақылау басқармасының бастығы қызметін атқарып келген, деп хабарлады ҚазАқпаратқа Министрліктің баспасөз қызметінен.