ҚР ККМ басшысы республикалық әуежайлардағы қызмет көрсету сапасы жөніндегі кеңесті өткізді

АСТАНА. 19 желтоқсан. ҚазАқпарат - Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев авиациялық қауіпсіздік және Қазақстан әуежайларында қызмет көрсету сапасын арттыру жөніндегі кеңесті өткізді.

ҚР ККМ басшысы республикалық әуежайлардағы қызмет көрсету сапасы жөніндегі кеңесті өткізді

«Мемлекеттік әуежайлардың басшылары әуежайларды жолаушыларға қызмет ету стандарттарына келтіру жөніндегі өткізіліп жатқан жұмыстар туралы айтты. Сонымен бірге Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Бекен Сейдахметов әуежайлардың көп бөлігі жолаушыларға қызмет көрсету стандарттарына әуежайлардың сәйкестілігіне жүргізген тексеріс барысында Комитетпен табылған ескертулерді түземегені туралы айтып берді», - делінген ҚР ККМ баспасөз қызметінің мәліметінде.

«Көптеген әуежайларда бүгінгі күнге дейін автоматтандырылған сақтау камералары, дәріханалар, айырбастау пунктілері жоқ. Технологиялық аймақтар мен аудандар тиімсіз жоспарланған. Телетраптардың, багаж таспасының, арнайы техниканың жетіспеуі, мүмкіндіктері шектеулі жолаушыларға қызмет көрсету бұрынғыдай өзекті мәселе болып тұр»,-деді Б. Сейдахметов.

Ол сонымен бірге авиациялық қауіпсіздік қызметі қызметкерлерінің өздерінің функционалды міндеттерін және негізгі нормативті құжаттарды төмен деңгейде білетіні, әуежай қызметтерінің жұмыс сапасын ішкі бақылауды өткізу тек қағаз жүзінде екенін белгіледі.

Кездесу нәтижесі бойынша Асқар Жұмағалиев Азаматтық авиация комитетіне әуежайлармен басқару компаниясымен бірлесіп ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздік деңгейін арттыру жөніндегі мәселелерді аса маңызды бақылауға алуды, сонымен қатар әуежайлардағы қызмет көрсету сапасын арттыру, атап айтқанда мүмкіндіктері шектеулі адамдарға қызмет көрсетуді жақсарту бойынша жедел шара қолдануды тапсырды.

Сонымен қатар Астана, Ақтөбе және Боралдай қалаларының әуежайларына жылдың соңына дейін қажет сертификаттардың жоқ болуы жөніндегі сұрақтар бойынша түсініктеме хатты беру және кінәлі тұлғаларға тәртіптік жаза шараларын қолдану жүктелді.