ҚР ККМ Көліктік бақылау комитеті пойызға билетсіз мінген жолаушыны анықтау шараларын жалғастыруда
АСТАНА. 31 тамыз. ҚазАқпарат - «Алматы - Ақтөбе» бағытындағы №33 жолаушылар пойызына Қызылорда - Жосалы учаскесінде жүргізілген тексеру кезінде 91 жолаушының билетсіз мінгені анықталды.
Бұл туралы бүгін ҚР Көлік және министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Аталған факті бойынша, атап айтқанда Темір жол көлігімен жолаушыларды, қол жүгін және багажды тасымалдау ережесін бұзғаны үшін пойыз бригадасының жұмысшылары әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
2012 жылғы 10 шілдеде қабылданған «Мемлекеттік органдардың бақылау және қадағалау қызметін оңтайландыру және рұқсат құжаттарын қысқарту бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, көліктік бақылау органдары темір жол көлігінде жолаушыларды, қол жүгін және багажды тасымалдау ережесінің сақталуына тексеру жүргізе алады.
Жазғы мезгілде жолаушыларды тасымалдау бойынша жүргізілген тексеру қорытындысы мен анықталған ереже талаптарын орындамау фактілері ағымдағы жылдың қыркүйек айында министрлікте барлық тасымалдаушылардың қатысуымен қаралатын болады.