ҚР ККМ Көліктік бақылау комитеті шетелдік көлік құралдарын тасымалдау тәртібін тексеруден өткізуде

None
None
АСТАНА. 6 желтоқсан. ҚазАқпарат - 2011 жылғы 16 қараша мен 16 желтоқсан аралығында Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті шетелдік көлік құралдарының ұлттық заңнама талаптары мен халықаралық келісімдердің нормаларын орындауын бақылау жөнінде күшейтілген іс-шараларды жүзеге асыруда.

Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметінен мәлім етті.

Халықаралық келісімдерге сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағы бойынша өту, сондай-ақ үшінші елдерден тасымалдарды жүзеге асыру үшін шетел тасымалдаушыларының рұқсат құжаттары болуы тиіс.

Аталған құқықтық нормалар отандық тасымалдаушылардың мүдделерін қорғауға, дәлірек айтқанда тасымалдарды тек шетел тасымалдаушыларының орындауына жол бермей, сонымен бірге отандық тасымалдаушыларға да тасымалдарды жүзеге асыру мүмкіндігін беруге бағытталған.

Осылайша, көліктік бақылау бекеттерінде халықаралық тасымалдарды тиісті рұқсат құжаттарынсыз жүзеге асырғаны үшін бұзушылықтарды жойғанға дейін бірнеше шетелдік көлік құралдары ұсталды (Сербиядан - 2, Нидерландыдан - 5, Беларустан - 5, Германиядан - 1).

Сонымен қатар, іс-шаралар басталғаннан бері шетелдік тасымалдаушылар тарапынан 200-ден астам заң бұзушылықтар тіркелді. Соның ішінде, транзитке қазақстандық рұқсаттың болмауына байланысты - 52 бұзушылық, жүкті үшінші елден рұқсатсыз тасымалдауға байланысты - 24, мемлекет ішінде каботажды тасымалдарды жүргізуге қатысты - 4, жүргізушілердің демалыс және еңбек режимін бұзу фактісі бойынша - 82 бұзушылық анықталды.

Тіркелген бұзушылықтардың негізгі бөлігі Ресей Федерациясы (63), Өзбекстан (49), Беларусь (17), Түркия (16), Әзірбайжан (11) және Украина (6) тасымалдаушыларына қатысты болды.

Анықталған фактілер бойынша әкімшілік материалдар жасақталды.

Соңғы жаңалықтар
telegram