ҚР ККМ көпірлерді құрастыруда полиуретанды тіреу бөлшектерін қолдануды бекітті

«Қазақстанда көпірлер құрылымдаушы қағидаты бойынша тұрғызылады, яғни екі тіреуге бір арқалық салынады. Көпірмен автокөлік жүрген кезде, осы екі бөлшектің қиысқан жерінде динамикалық ауытқу пайда болады. Бұл ауытқуды жұмсарту қажет. Осы мақсатпен қазіргі кезде резеңке тіреу бөлшектері (РТБ) қолдануда. Бірақ біз оларды полиуретанды бөлшектерге ауыстыруды ұсынып отырмыз. Оның басты артықшылығы - бағасы резеңке бөлшек құнымен бірдей бола тұра, ол ұзақ қызмет етеді», - деп атап өтті ҚР ККМ Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Сәтжан Аблалиев.
Автомобиль жолдары комитетінің ғылыми-техникалық Кеңесінің жұмысы барысында жобалық институттарға РТБ-нің орнына полиуретанды бөлшектерді қолдану ұсынылды. Атап айтқанда, «Астана-Павлодар» автожолының құрылысы жобасының шеңберінде салынатын көпірлер туралы сөз болып отыр.
Көпірлерге арналған полиуретанды тіреу бөлшектерінің геометриялық параметрлері резеңке бөлшектерге толық сай болып келетіндіктен жаңалықты енгізуде ешқандай техникалық проблема жоқ.
Қазіргі кезде дүниежүзілік көпір салу тәжірибесінде полиуретанды тіреу бөлшектеріне қарай бетбұрыс жасалуда.