ҚР ККМ қызметкерлері жыл басынан техникалық байқауды өткені туралы 678 жасанды куәліктерді тапты
АСТАНА. 12 желтоқсан. ҚазАқпарат - Техникалық байқауды өткені туралы жасанды куәліктерді өткізу фактілері бойынша барлық материалдар іс жүргізу шешімдерін қабылдау үшін құқық қорғау органдарына жіберілді. Жыл басынан техникалық байқауды өткені туралы 678 жасанды куәліктер анықталды.
«Қазіргі уақытта жасанды куәліктер бланктерін өткізген тұлғаларға қылмыстық іс қозғау үшін тергеу істері жүргізілуде. ҚР Қылмыстық кодексінің 325-бабына сәйкес жалған құжаттарды қолдан жасағаны және өткізгені үшін екi жылдан төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланатыны туралы еске салған жөн. Қазір автокөлік кұралының техникалық байқаудан өту нәтижелері онлайн режимде ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің «Техникалық байқау» бірыңғай ақпараттық жүйесіне түседі, содан кейін ҚР Ішкі істер министрлігінің деректер қорына автоматты түрде жіберіледі», - делінген ҚР ККМ баспасөз қызметі мәліметінде.
Әкімшілік полиция қызметкерлерімен жол бойында, соның ішінде «Шекара» бекеттерінде, автокөлік құралының техникалық байқаудан өту фактілері қызметтік көліктердегі борттық терминалдарды қолдану көмегімен деректер қорында қайта тексеріледі.
ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің мәліметі бойынша ағымдағы жылдың 11 айында техникалық байқаудан өтпеген автокөлік құралын жүргізген 50732 автокөлік иелері табылып, соның ішінде электрондық бақылау жүйесінің көмегімен әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Көлік және коммуникация министрлігінде Техникалық байқау операторлары қауымдастығының қатысуымен өткен кеңес барысында операторларға автокөлік құралдарының техникалық байқаудан өтуде қажет рәсімдерді сақтау бойынша ішкі бақылауды қамсыздандыру ұсынылды.
Көлік бақылау инспекциясымен байқау сапасын мен әділдігін қамсыздандыру шаралары шеңберінде байқауды ұйымдастыру және өткізу тәртібін бұзғаны үшін жыл басынан әкімшілік жауапкершілікке 102 техникалық байқау операторлары тартылды, 21 оператор Техникалық байқау орталықтары тізілімінен шығарылды.
Автокөлік иелерінің ыңғайлығы үшін «eisto.kz» сайтында автокөлік құралының техникалық байқаудан өткені туралы ақпаратты тексеру қызметі іске қосылғанын белгілеген жөн.
Одан басқа, «Жол қозғалысы туралы» ҚР заңының жобасы шеңберінде техникалық байқаудан өткені туралы куәліктерді жою ұйғарылған. Бұл жүргізушіге қажет құжаттар санын ықшамдап, техникалық байқаудан өткені туралы жасанды куәліктерді қолдануын болдырмауға, сонымен бірге көлік құралының техникалық байқаудан өту әділдігін арттыруға мүмкіндік береді.