ҚР ККМ мен «AtlasJet» 2014 жылғы жазда туристерді тегін тасымалдауға келісті

АСТАНА. ҚазАқпарат - «AtlasJet» авиакомпаниясы қазақстандық туристік агенттіктерде рәсімделген билеттері бар жолаушыларды тегін тасымалдайтын болады.

ҚР ККМ мен «AtlasJet» 2014 жылғы жазда туристерді тегін тасымалдауға келісті

«ҚР ИЖТМ Туризм индустриясы комитеті тарапынан жолдама мен қонақ үй шығындары төленгендігі туралы растау құжаты бар туристер ұша алады. Аталған келісімге ҚР ККМ Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Бекен Сейдахметов басшылығымен 19 шілде, сенбі күні өткен кеңесте қол жеткізді. Оған Туризм индустриясы комитеті төрағасы Марат Игалиев, «AtlasJet» авиакомпаниясының президенті Мурат Ерсой және Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысты», - делінген ҚР ККМ хабарламасында.

Сонымен қатар, кеңесте 2014 жылғы көктемгі-жазғы навигациясы соңына дейін «AtlasJet» авиакомпаниясы ағымдағы жылғы 19 шілдеден бастап Антальядан Қазақстанға тұрақты рейстерді орындауды жалғастыратынын атап өткен жөн. Бұдан былай олардың билеттері жалпы броньдау жүйесінде ашық сатылымда болады.