ҚР ККМ мен «KAZLOGISTICS» көлік-логистикалық кешенді одан әрі дамыту жөнінде жоспарды бекітті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Көлік және коммуникация министрлігі мен Қазақстан көлік қызметкерлерінің «KAZLOGISTICS» Одағының басшылығы Қазақстан Республикасының көлік-логистикалық кешенін одан әрі дамытудың және көлік саласының өзекті мәселелерін шешудің 2014 жылға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарын бекітті.
«Оның ішінде бірлескен жұмыс Дүниежүзілік Банк (LPI) логистикасының тиімділік индикаторын арттыру, Doing business-тің Халықаралық сауданың көлік құжаттарын оңтайландыруға, автомобиль, теміржол, авиация, теңіз және өзен көлігінің қозғалмалы құрамын жаңарту мен толықтыруға байланысты индикаторын арттыруға бағытталады. Жалпы жоспар 57 басым шаралардан тұрады», - делінген ҚР ККМ мәліметінде.
Айта кетейік, Көлік қызметкерлерінің «KAZLOGISTICS» одағы көлік саласының бірыңғай қоғамдық бірлестігі болып саналады. Ол барлық көлік қауымдастықтарының, ғылыми-зерттеу институттардың және экспедициялық компаниялардың басын құрайтын, сондай-ақ барлық көлік қызметкерлерінің мүддесін қорғайтын бірыңғай көліктік қоғамдық бірлестік болып есептеледі.