00:21, 07 Маусым 2014 | GMT +5
ҚР ККМ туристік операторларға жолдама сатуға тыйым салуы мүмкін
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жұртты зар қақсатып жүрген туристік операторларға тықыр таянды. Енді оларға әуе тасымалымен айналысатын компаниялармен тиісті келісімге отырмай билет сатуға заң бойынша тыйым салынбақ. Бүгін Көлік және коммуникация министрлігі осындай бастама көтерді, деп хабарлайды КТК.
Осылайша, министрлік жолаушыларды жылдағы сергелдеңнен құтқармақ. Себебі жуырда Астана, Алматы, Ақтөбе және Өскеменде шетелге тынығуға ұшпақ болған жүздеген турист әуежайдан ары аса алмай сонда тәуліктеп түнеп қалған еді. Өйткені туроператорлар жолаушыларды демалыс орнына жеткізетін әуе компанияларымен келісімшартқа отырмай билет сатқан. Зардабын қарапайым халық тартып жоспарлаған демалысы үзілді. Енді Көлік министрлігі туристік операторлар ұшақ мәселесін шешпейінше, билет сатуларына заң жүзінде тыйым салмақ ойда.