ҚР ҚМ Әскери госпиталінде жаңа ота жасау блогы құрылды (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Польшадан келген 20 жылдық жұмыс тәжірибесі бар инженерлер, әрлеушілер мен сәулетшілер әскери дәрігерлердің тілегін ескере отырып ҚР ҚМ Бас әскери клиникалық госпиталі үшін жаңа ота жасау блогын құрды. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

ҚР ҚМ Әскери госпиталінде жаңа ота жасау блогы құрылды (ФОТО)

Жаңа мүмкіншілігі мол ALVO ота жасау блогы - ота жасау кезінде емделушінің инфекция жұқтыру тәуекелін төмендететін медициналық құрал болып саналады. Аталған құрылғы қауіпсіздік пен тазалықтың барлық жоғарғы стандартына сай, құрылымы қабырғалар мен төбе панельдерінен, есік-терезелерден, отаға арналған шамдардан, хирургиялық жуғыштардан, шкафтармен жасақталған. Бүкіл бөлшектері экологиялық таза болат құрыштан, халықаралық стандарттарға және денсаулық сақтау жүйесінің жоғарғы талаптарына сай жасалған. ҚР ҚМ Бас әскери клиникалық госпиталінің бөлімше қызметкерлері мен техникалық мамандары жабдықты пайдалану және күтім жасау қағидаларымен танысып үлгерді. Осынау заманауи құрылғының көмегімен қан жоғалтуды азайту және ота жасалып жатқан талшыққа ықпал ете алатын азинвазивті араласуды орындай алады. Заманауи қуатты хирургиялық саймандар және аппараттар, сондай-ақ белгіленген модулді ота жасау блогын құру әскери қызметшілер мен олардың отбасына көрсетілетін медициналық көмек сапасын арттыруға ықпал етеді.