ҚР ҚМ: Қазақстандық әскери теңізшілер «Каспий теңізі - 2015» байқауында - екінші орында (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Каспий теңізі - 2015» байқауының бірінші қорытындысы белгілі болды, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
None
None

Алғашқы жауынгерлік оқ атулардың нәтижелері бойынша «Сарыарқа» зымыран-артиллериялық кораблінің экипажы екінші орынға табан тіреді. Әскери теңізшілеріміздің командасын аз ғана ұпаймен «Град Свияжск» шағын артиллериялық кораблінде ресейлік теңізшілер озып кетті.

Жеребеге сәйкес жауынгерлік міндетті бірінші болып орындау күрделі тапсырмасы біздің командаға бұйырды. Екінші - Ресей, үшінші Әзірбайжан ӘТК теңізшілері болды.

Байқау ережелері бойынша әрбір корабль 12 торап жылдамдығында берілген бағдар бойынша бір айналымнан өтуі тиіс. Содан кейін белгі бойынша күту ауданынан жауынгерлік жаттығуларды орындау секторына көшіп, жарқырағыш авиациялық бомба түріндегі әуе нысанасын, жүзбелі мина мен шағын көлемді теңіз нысанасын барынша дәл жоюды жүзеге асырады. Оқ атуларды аяқтап, мәре шебіне көшеді.

Тапсырманы орындау кезінде теңізшілеріміз мина сызбанұсқасы бойынша оқ атуда үздік болды. Олар төрт рет нысананы сәтті жойды, ресейлік теңізшілер нысананы үш рет жойса, Әзірбайжан ӘТК командасы нысанаға тигізген жоқ.

Бұл байқаудың бірінші қорытындысы ғана екенін атап өткен жөн. Каспий теңізіндегі шайқас жалғасуда. Теңізшілеріміздің өзге айналымдарда қосымша ұпай жинап, сайыс көшбасшысы болуға мүмкіндігі мол.

Соңғы жаңалықтар