ҚР ҚОҚМ Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің бұрынғы төрағасына мемлекетаралық іздеу жарияланды - қаржы полициясы

АСТАНА. 10 қыркүйек. ҚазАқпарат -  Ағымдағы жылғы 24 ақпанда ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің лауазымды тұлғаларына қатысты

ҚР ҚОҚМ Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің бұрынғы төрағасына мемлекетаралық іздеу жарияланды - қаржы полициясы

2011 жылғы 30 қазанда түнгі уақытта орын алған Шығыс Қазақстан облысының Секисовка өзеніне зиянды зат - цианидті тастауға заңсыз рұқсат бергені үшін 2 тау-кен кәсіпорынының өкілінен 100 мың АҚШ доллары көлемінде пара алу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғаған болатын. Бұл туралы қаржы полициясының баспасө қызметі хабарлады.

Аталған қылмысты жасады деген күдікпен 2012 жылғы 28 ақпанда Экологиялық реттеу және бақылау комитеті төрағасының орынбасары С.Төрекелдиев  ұсталды. Ағымдағы жылғы 2 наурызда ол сот санкциясымен қамауға алынды.

Тергеу барысында аталған қылмысты жасауға Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің бұрынғы төрағасы С.Мұташевтің қатыстылығы белгілі болды. Осылайша ағымдағы жылғы 19 маусымда Мұташев пен Төрекелдиевке қатысты мелекетке 1,4 млрд. теңге залал келтірген қызметтік өкілеттігін теріс пайдалану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Оған қоса Мұташев Экологиялық департаменттердің бірінің бастығынан 2011 жылғы қыркүйектен 2012 жылғы қаңтарға дейін бензиннің талондары түріндегі жалпы сомасы 132 мың теңге пара алды деп айыпталуда.

Мұташев тергеу органдарынан бой тасалағандығынан 2012 жылғы 25 тамызда оған қамауға алу туралы сот санкциясымен мемлекетаралық іздеу жарияланды.

Қылмыстық істер тергелуде, өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды.