10:44, 16 Шілде 2015 | GMT +5
ҚР көлік прокурорлары 22,7 млрд. теңгенің шикі мұнайын заңсыз экспорттау фактісін анықтады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бірінші жартыжылдықтағы жұмыс қорытындысы бойынша, кеден саласында көлік прокурорларының актілерімен мемлекеттік бюджетке 1,6 млрд. теңге өндірілді.
Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының сайтынан хабарланды.
Сыртқы экономикалық қызметпен айналысқан 13 адамның құны 22,7 млрд. теңгені құрайтын 192,7 мың тонна шикі мұнайды заңсыз экспорттау фактісі анықталды. Олар мұнай өндірушілер емес, сондай-ақ мұнай тасымалдау кестесіне де енгізілмеген.
Аталған фактілер бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр.