ҚР Көлік және коммуникация министрі Қызылорда қаласында өңірдегі «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» жобасын іске асырудың өзекті мәселелері жөнінде жиналыс өткізді

АСТАНА. 2 қыркүйек. ҚазАқпарат. 2 қыркүйекте ҚР Көлік және коммуникация министрі Берік Камалиев Қызылорда қаласында өңірдегі «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» жобасын іске асырудың өзекті мәселелері жөнінде жиналыс өткізді,

ҚР Көлік және коммуникация министрі  Қызылорда қаласында өңірдегі «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» жобасын іске асырудың өзекті мәселелері жөнінде жиналыс өткізді

деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі. Жиналысқа министрліктің Автомобиль жолдары комитеті, оның облыстық департамені, мердігерлік және еншілес мердігерлік компаниялар мен инженерлік қызмет басшылары қатысты.

Жиналысты аша отырып, министр Берік Камалиев Елбасының өзі бастамашы болған ірі «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізін қайта салу» бағдарламасының іске асырылуына аса мән беруі бұл жобаның маңыздылығын айғақтайтыныдығын атап өтті. Онымен қоса, Президенттің қызылордалық учаскедегі құрылыс жұмыстарының барысымен танысуы белгіленген жұмыс көлемін ойдағыдай іске асырылуына жауапкершілікті арттыруға міндеттейді. Жұмыс өндірісінің барлық кезеңдері тек уақытылы ғана емес, сондай-ақ, сапалы орындалуы қажет. Қазақстандық учаскенің көп бөлігі Қызылорда облысы арқылы өтетіндіктен, мердігерлік компаниялар, сонымен қатар, жұмысқа тартылған басқа да ұйымдар жұмыс кестесін құрған кезде жұмыс үрдісі ешқандай қалып қоюшылық мен кідіріс болмайтындай жүргізілуін ескеру керек.

Министрліктің Автомобиль жолдары комитеті, оның облыстық департаменті басшыларының, құрылысты бақылау жөніндегі консультанттарының ақпараттарын тыңдаған соң, министр Б.Камалиев мердігерлік компаниялардағы қызметкерлер менеджментін ұйымдастыру жөніндегі «Импреза» АҚ және «Аккорд/Окан» БК жол техникасын жұмылдыру сылбыр екендігін атады. Осындай баға «Корпорация «Исан»/ТОО «Жол-Сапа» құрылысты бақылау жөніндегі консультант-компанияға да берілді. Жұмыс көлемінің үлкендігін және кейбір еншілес мердігерлік компаниялардың кестеден қалып қоюын ескере отырып, автомобиль жолдары комитетіне жұмыс өндірісі қарқынын арттыру мақсатында басқа өңірлерден жол кәсіпорындарын тарту мүмкіндігін қарастыру тапсырылды.