ҚР Көлік және коммуникация министрлігі 3 заманауи автомобиль жолы құрылысының жобасын бастамақ

ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер Көлік министрліктерінің жиынында ҚР Көлік және коммуникация вице-министрі Мереке Пішембаев атап өткендей, Қазақстанда ұзындығы 2787 шақырымды құрайтын «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» автомагистралін салу және қайта жаңғырту - автожол секторындағы маңызды жобалардың бірі.
«Өткен жылы аталған дәліздің 700 шақырымды құрайтын учаскесі пайдалануға берілді. Ағымдағы жылы тағы да 806 шақырымды пайдалануға беру жоспарлануда, ал жобаның аяқталуы 2015 жылға жоспарланған», - деді ол.
Бұдан бөлек, М.Пішембаевтың атап өтуінше, ағымдағы жылы Қазақстанда елдің орталығы мен ірі өңірлерін қосатын үш заманауи автожолдың құрылысы бойынша жобаларды жүзеге асыру қолға алынбақ. Оның ішінде жалпы ұзақтығы 1527 шақырымды құрайтын Орталық-Батыс бағытындағы Арқалық қаласы арқылы өтетін Астана-Ақтау автожолы да бар.