ҚР Көлік және коммуникация министрлігі: Астана - Щучинск автобанының құрылыс қарқыны арта түспек

АСТАНА. Шілденің 3-і. ҚазАқпарат - ҚР көлік және коммуникация министрі Әбілғазы Құсайынов Астана - Щучинск автомобиль жолы учаскесін қайта жаңарту  жобасының іске асырылу барысымен танысу мақсатымен іс-сапарда болды,
None
None

 деп хабарлайды ҚазАқпарат аталмыш министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сапар барысында Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Замир Сағынов және мердігерлік ұйымдардың басшылары министрді  автобанның жобасы бойынша атқарылып жатқан жұмыс қарқынымен таныстырды.

Белгіленген кестеге сәйкес учаскедегі қайта жаңарту жұмыстардың толық аяқталып, жобаның пайдаланылуға  берілуі ағымдағы жылдың қараша айына жоспарланған.

Ведомство басшысы жұмыс барысымен егжей-тегжейлі танысқаннан кейін жалпы жиналыс өткізіп, құрылыс басшыларына  жолды дер кезінде және сапалы тапсыруды қамтамасыз ету үшін қандай ықпалды шаралар қолдану қажет екендігіне арнайы тоқталды.

Ол автомобиль жолдары комитетіне жұмыстардың мүлтіксіз орындалуына күнделікті қатаң қадағалап отыру қажеттігіне баса назар аударды.

Соңғы жаңалықтар