21:21, 01 Маусым 2009 | GMT +5
ҚР Көлік және коммуникация министрлігі: Су көлігі саласындағы инвестициялық жобалар 2014 жылда аяқталады
АСТАНА. Маусымның 1-і. ҚазАқпарат - 2009 жылғы маусымның 1-інде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің жауапты хатшысы Жеңіс Қасымбектің басқаруымен кезекті аппараттық мәжіліс өткізілді.
Мәжілісте су көлігі саласындағы инвестициялық жобалар мәселесі тыңдалды. Бұл мәселе бойынша көлік және қатынас жолдары комитетінің төрағасы Берік Уандықов баяндама жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Ақтау айлағының жобалық қуатын арттыру мақсатында солтүстік бағытта кеңейтілуі су көлігі саласындағы ірі жобалардың бірі болып табылады. Оның мақсаты ? айлақтың жобалық қуатын арттыру. Жобаны іске асыру мерзімі ? 2006-2014 жылдар. Жобаның жалпы құны 41,7 млрд. теңгені құрайды. Қазіргі уақытта жобаның бірінші кезеңі ? қорғаныш гидротехникалық құрылғы құрылысы іске асырылуда. Ағымдағы жылғы мамырдың 26-сында 7,1 млрд. теңге игерілді, бұл жұмыстың жалпы көлемінің 77,9 пайызын құрайды.Екінші кезеңнің жүзеге асырылуы биылғы шілденің 9-ында өткізілетін ашық конкурстан кейін басталады. 50 жылдан астам уақыт бойы үздіксіз пайдаланылып келе жатқан Өскемен және Бұқтырма шлюздерін қайта жөндеу жобасы - бұл сала үшін маңызы зор шара. Жобаны іске асыру мерзімі ? 2009-2014 жылдар. Жобаның жалпы құны 1,4 млрд. теңгені құрайды. Жоба бюджет қаражаты есебінен іске асырылуда. Ағымдағы жылы бюджеттен жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге және қайта жаңарту жұмыстарын бастауға 163,4 млн. теңге бөлінді. Жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу биылғы қазан айында аяқталады. Қазіргі уақытта жұмыс қақпаларын ауыстыру және Өскемен шлюзінің мұнара кранын жөндеу бойынша жұмыстар жүргізілуде.