ҚР Көлік және коммуникация министрлігінде кадрлық өзгеріс болды

None
None
АСТАНА. Мамырдың 20-сы. ҚазАқпарат - Кеше ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитетінде кадрлық өзгеріс болды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Азаматтық авиация комитетінің бұрынғы төрағасы Мұхит Мұхатұлы Құбаев бұл қызметтен өз өтініші бойынша босатылды. Көлік және коммуникация министрі Әбілғазы Құсайыновтың бұйрығымен оның орнына Рәділбек Әдимолда тағайындалды. Рәділбек Өкенұлы бұған дейін Комитет төрағасының орынбасары қызметін атқарып келген болатын. Бүгін министрлікте республикалық және жергілікті маңызы бар жолдарды жөндеу, қайта жаңғырту және салу мәселелері жөнінде интернет конференция өткізілмек. Ол ҚР Президентінің «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауында көрсетілген міндеттерді іс жүзіне асыруға арналып отыр.
Соңғы жаңалықтар