ҚР Конституция күніне арналған алғашқы әскери шеруге 2 мыңнан астам адам қатысады

АСТАНА. Тамыздың 15-і. ҚазАқпарат /Қанат Құлшыманов/ - Астанада тамыздың 30-ында «Қазақ елі» алаңында ҚР Конституция күніне арналған әскери шеру өтеді.

ҚР Конституция күніне арналған алғашқы әскери шеруге 2 мыңнан астам адам қатысады

Оған 2 мыңнан астам адам, 100-ден астам әскери техника мен қарулар және 40-тай авиация техникасы қатысады. Бұл жөнінде сенбі күні Астанада журналистерге ҚР Қорғаныс министрлігі әскери білім департаментінің директоры полковник Георгий Дубовцев хабарлады.

«Қазір біздер шеру бөлімшелерінің үйлесімді іс-қимылдарымен айналысып жатырмыз. Шеруге 2 мыңнан астам адам, 100-ден астам жауынгерлік техника, оның ішінде БТР-80, «Бұршақ», «Дауыл», «Құйын» артиллериялық жүйелері, әуеге қарсы қорғаныс жүйелері, С-75, С-200, С-300 зенитті-зымыран кешендері бар, қатысады. Бұдан басқа  40-тай авиация техникалары шеруге шығады», - деді Г.Дубовцев.