ҚР Конституциялық кеңесінің төрағасы И.Рогов БҰҰ-ның арнайы баяндамашысы М.Киаимен кездесті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Конституциялық кеңестің төрағасы Игорь Рогов БҰҰ-ның арнайы баяндамашысы Майн Киаиді қабылдады, деп хабарлайды ҚР КК-нің баспасөз қызметінен.

ҚР Конституциялық кеңесінің төрағасы И.Рогов БҰҰ-ның арнайы баяндамашысы М.Киаимен кездесті

Кездесу барысында бейбіт жиындар мен қауымдастықтарға құқықты қамтамасыз ету проблемалары туралы пікір алмасылды. Пікірталас кезінде Қазақстанның жалпы адамгершілік құндылықтардың жолын ұстаушылығына, адам құқықтары бойынша негізгі халықаралық құжаттарды сақтауына оң баға берілді.

БҰҰ-ның арнайы баяндамашысы сондай-ақ Конституциялық кеңестің елдің негізгі заңының ұлықтылығын қамтамасыз ету қызметі, оның Конституция және Қазақстанның құқықтық жүйесін дамытуда кепілдендірілген заңды құқықтар мен бостандықтарды қамтамасыз етудегі шешімдерінің маңызды мәні туралы ақпараттандырылды.