ҚР Конституциясы күніне орайластырылған іс-шараларға Қытай журналистері де қатысады

БЕЙЖІҢ. Тамыздың 26-сы. ҚазАқпарат /Руслан Сүлейменов/ - Қытайдың бұқаралық ақпарат құралдарының бір топ өкілі Қазақстан Республикасы Конституциясының 15 жылдығына орай тамыздың 27-30-ы аралығында Астанада өткізілетін іс-шараларға қатысады. Олар Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің шақыруымен Астанаға аттанды.

ҚР Конституциясы күніне орайластырылған  іс-шараларға Қытай  журналистері   де қатысады

Астана сапарының барысында Қытай журналистері «Конституция - мемлекеттің демократиялық дамуының негізі» конференциясына қатысады. Сондай-ақ олар Тұңғыш Президенттің мұражайында және «Хан Шатыр» сауда -ойын-сауық орталығында болады, Тәуелсіздік сарайында өтетін концертті және «Қазақ елі» алаңында өтетін әскери парадты тамашалайды.

Және олар үшін ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Нұрлан Ермекбаевпен сұхбат жоспарланып отыр.