18:32, 16 Қаңтар 2009 | GMT +5
ҚР Қорғаныс күштерінде жауынгерлік даярлық апталығы жалғасуда
АСТАНА. Қаңтардың 16-сы. ҚазАқпарат – Биылғы жылы ҚР Қорғаныс күштерінде жаңа оқу жылы қаңтардың 1-інен басталды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Бүгін сағат 6:45-те ҚР Қорғаныс күштерінің бөлімшелері мен құрылымдары оқу-жаттығу дабылы бойынша аяғынан тік тұрғызылды және жауынгерлік даярлықтың жоғары дәрежесіне келтірілді. Әскери ғылым жауынгерлік даярлық дегенді әскерлердің алуан түрлері бөлімшелері мен бөлімдерінің барынша қысқа мерзімде жан-жақты даярлықты жүзеге асыру, шартты жауға ұйымдасқан түрде соққы беру және кез келген сәтте іс жүзіндегі жағдайда алға қойылған міндетті орындау деп түсіндіреді. Бұл әскерлердің сандық және сапалық жай-күйін білдіреді.Әскери істің дамуына орай жауынгерлердің алдында тұрған міндеттері де күрделене түсуде. Олардың көлемі де ұлғаюда, жауынгерлік еңбектің сипаты өзгеруде, моральдық, моральдық-психологиялық және дене ауыртпалығы өсуде. Ал бұл жеке құрамның саналы өсуін талап етеді. Осылайша, бөлімнің жауынгерлік даярлығы әрбір жауынгердің жауынгерлік әзірлігінен құралады.