ҚР Қорғаныс министрі Алматыдағы әскери оқу орындарын аралайды

АЛМАТЫ. Қаңтардың 30-ы. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек / – Бүгін ҚР Қорғаныс министрі Даниал Ахметов Алматыдағы ҚР ҚМ әскери оқу орындарында жұмыс сапарымен болады,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жұмыс сапары оқу орындарында жүргізіліп жатқан жөндеу-құрылыс жұмыстарын, оқу-материалдық базалардың жай-күйін және оқу үдерісінде интерактивтік оқу құралдарын пайдалану жағдайын бақылау мақсатында өтеді. Қорғаныс ведомствосының басшысы Құрлықтағы әскерлердің әскери институтының, Радиоэлектроника және байланыс әскери инженерлік институтының, Қорғаныс министрлігі әскери институтының оқу-материалдық базаларын аралап, оқытушылармен, курсанттармен тілдеспек.
Соңғы жаңалықтар