ҚР Қорғаныс министрі артиллерия мамандарының дайындық барысын тексерді

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Қорғаныс министрі генерал-полковник С. Жасұзақов «Астана» өңірлік қолбасшылығы кіші мамандарды даярлау оқу-жаттығу орталығының базасында минаатқыш бөлімшелері мен МТЖШ механик-жүргізушілері мамандары дайындығының басталуын тексерді.

ҚР Қорғаныс министрі артиллерия мамандарының дайындық барысын тексерді

null
Министрліктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қорғаныс ведомствосының басшысы мерзімді қызметтегі әскери қызметшілердің казармалардағы орналасуын тексеріп, ағымдағы жағдай мен оқу-жаттығу орталығының болашақ мамандарды оқытып-үйретуге әзірлігі туралы қолбасшылықтың баяндамаларын тыңдады.
Қорғаныс министрлігінің басшылығы тактикалық буын, яғни, взвод, рота, батальонның жауынгерлік әзірлігі мен оқытылып-үйретілуіне ерекше көңіл бөледі.  Шымкент, Қызылорда және Өскемен қалаларынан жаңадан келген шақырылушылар үш ай ішінде артиллериялық барлаушыларды, есептеушілерді, МТЖШ механик-жүргізушілері мен минаатқыш есептоптарының командирлерін даярлау бойынша білім алады.  Курстық даярлық аяқталғаннан кейін әскери қызметшілер әрі қарай қызметтерін өткеру үшін Құрлық әскерлерінің әскери бөлімдеріне жіберіледі.

null
«Менде жүргізуші куәлігі бар. Қазіргі кезде МТЖШ механик-жүргізушілерін даярлау бойынша білім алып жатырмын. Біз үшін қызметте барлық жағдай жасалған. Теорияны зерделеп жатқан жайымыз бар. Әрі қарай практика болады.  Әскерде қызмет ету үшін мен бір жыл дайындалдым. Өзімді қалпыма келтірдім. Мен үшін Отанға қызмет ету - бұл үлкен абырой мен құрметті міндет», - деді министрмен сөйлескен шақырылушы Дархан Сейдазимов.
Тексеру қорытындысы бойынша ҚР Қорғаныс министрі артиллерияның кіші мамандарын сапалы әрі ойдағыдай оқытып-үйрету үшін әрі қарай да қолайлы жағдай жасауға қатысты Қарағанды гарнизонының командалық құрамы мен әскери қызметшілеріне бірқатар нақты тапсырмалар берді.
Еске сала кетсек, күзгі мерзімді әскери қызметке шақырылу науқаны 1 қазанда басталған. 2016 жылдың күзінде Қарулы күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға 1989-1998 жылғы жастар шақырылатын болады.

null