ҚР Қорғаныс министрі бірқатар әскери қызметшілерге мемлекеттік наградалар мен әскери шен табыстады
Салтанатты рәсімде қорғаныс ведомствосының басшысы бірқатар әскери қызметшілерге мемлекеттік наградалар мен мерзімнен бұрын әскери шен табыстады. ІІ-дәрежелі «Даңқ» орденімен ҚР ҚК БШ Стратегиялық жоспарлау департаментінің бастығы генерал-майор Р.Н.Шпекбаев, ІІ-дәрежелі «Айбын» орденімен ҚР ҚК Байланыс бас басқармасының бастығы полковник С.Қ.Құрманов, ҰЖББ бастығы - ҚР ҚК ҚӘ БҚБ БШБО полковник Е.Т. Қожахметов, «Құрмет» орденімен авиация генерал-майоры Ж.И. Сәндібаев, Қорғаныс министрінің кеңесшісі, «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен ҚР ҚМ ХЫД басқарма бастығы подполковник В.В. Вишникин, «Ерен еңбегі үшін» медалімен ҚР ҚМ БҒД бастығының лауазымын уақытша атқарушы А.Н. Төлембаева, «ҚР ҚМ ӘТМ» РМКК бас директорының орынбасары А.Х. Татымтаева марапатталды.
Мерзімнен бұрын «полковник» әскери атағы ҚР ҚК БШ СЖД ҚР ҚК дамыту басқармасы бөлімінің бастығы подполковник А.Қ. Бюротаевқа, ҚР ҚК АТББ бастығы подполковник В.А. Геннеге, «капитан» әскери атағы ӘҚК БҚБ жекелеген батальон штабы МҚҚжАҚ қызметінің бастығы аға лейтенант А.А. Ақмағамбетовке, Астана қаласы Алматы ауданы біріккен ҚІЖБ тобының бастығы аға лейтенант Т.Д. Спатаевқа берілді.
Бүгін Ақордада салтанатты рәсім өткенін естеріңізге сала кетейік. Онда Елбасы - ҚР ҚК Жоғарғы Бас қолбасшысы Н.Ә. Назарбаев әскери қызметшілерге жоғары әскери шендер мен мемлекеттік наградалар табыстады.
Атаулы күнде Қазақстан Қарулы Күштерінің 25 жылдығына орай 49 әскери қызметші, оның ішінде, 7 қаза болған әскери қызметші марапатталды.