ҚР Қорғаныс министрі Гвардиялық гарнизонға жұмыс сапарымен барды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Гвардиялық гарнизонның құрылымдары мен бөлімшелерінің дайындығын оқу дабылы бойынша тексерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

Тексеру барысында Қорғаныс министрі дабыл бойынша жеке құрамның іс-әрекеттерін бағалады. Әсіресе, әскери техникаларды белгіленген аумақтарға уақытылы жеткізу, сондай-ақ жауынгерлік бөлімшелердің үйлесімді әрекеттері ерекше бақылауға алынды.

Қорғаныс ведомствосының басшысы бригада командирінің дабыл бойынша қабылданған шаралары, бағынышты бөлімшелердің өз міндеттерін орындауы және командалық қолбасшылықтың жауынгерлік дайындықты арттыру жөніндегі қабылдаған шаралары туралы баяндамасын тыңдады.

Тексеру барысында жеке құрам жабдық пен қаруды жауынгерлік жағдайға келтіру, оқ-дәрілерді жүктеу және оқ-дәрілерді жауынгерлік техникаға орналастыру бойынша нормативтерді орындады.

Қорғаныс министрі әскери бөлімдердің инфрақұрылымдық нысандарын, полигондардың оқу материалдық-техникалық базасын, әскери қалашықты, гарнизонның әлеуметтік, мәдени және демалыс нысандарын тексерді. Тексеру қорытындысы бойынша Қорғаныс министрі жауынгерлік дайындықты одан әрі жетілдіруді және Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауына сәйкес әскери қызметкерлердің әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған бірқатар міндеттер қойды.

Соңғы жаңалықтар