ҚР Қорғаныс министрі Қарулы Күштерде қызмет атқаратын қыз-келіншектерді көктем мерекесімен құттықтады

АСТАНА. 7 наурыз. ҚазАқпарат - Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында Қорғаныс министрлігінде ведомство басшысы Әділбек Жақсыбековтің Қарулы Күштерде қызмет атқаратын қыз-келіншектерді салтанатты түрде қабылдауы болып өтті,
None
None

деп хабарлады мекеменің баспасөз қызметі.  

Қабылдауға қатысушыларды Қорғаныс министрі көктемнің тамаша мерекесімен құттықтап, оларға зор денсаулық, отбасы бақытын, сұлулық пен көтеріңкі көңіл-күй және еңбекте табыс тіледі.

«Бүгін мына залда әртүрлі әскери мамандық иелері - мергендер, байланысшылар, медицина, тыл, қаржы және кадр органдарының  қызметшілері қатысып отыр, - деп атап өтті Қорғаныс министрі. - Қазақстан армиясының келісім-шарт қызметі мен қызметшілерінің әйел-офицерлер отрядын сіздер елімізге танытып келесіздер. Сіздер жанұяның берекесін сақтаушы - анасыздар, сонымен бірге өз тағдырларыңызды Қарулы Күштермен байланыстырып, ерлермен бір қатарда әскери қызметтің  ыстығы мен суығын  өзара бөлісіп жүрсіздер».

Қорғаныс министрі әскери қызметтегі  қыз-келіншектерге гүл шоқтарын сыйлап, сонымен қатар, кейбір қызметкерлерге үлгілі тәртібі мен қызметтегі жетістіктері үшін «лейтенант» погондарын тапсырды.

Салтанатты шараның соңында қазақстан армиясының басшы құрамы  погон таққан әйелдерді  көктемнің, яғни, жаңару, жасару мерзімінің алғашқы мерекесімен құттықтап, бүкіл әлемде біздерге өмір мен бақыт сыйлаушы - аналарымызға, қарындастарымызға, аяулыларымызға құрмет көрсетті.  

Соңғы жаңалықтар