ҚР Қорғаныс министрі Қазақстан аумағында өтетін Армия халықаралық ойындарына дайындықты тексерді (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, 4 наурызда Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов «Отар» әскери базасының аумағында «АрМИ-2016» Армия халықаралық ойындарын өткізуді ұйымдастыру жөнінде көшпелі кеңес өткізді, деп хабарлайды ҚР ҚМ баспасөз қызметі.

ҚР Қорғаныс министрі Қазақстан аумағында өтетін Армия халықаралық ойындарына дайындықты тексерді (ФОТО)

Биылғы жылдың жазында әртүрлі мемлекеттердің Қарулы Күштері әскери қызметшілерінің далалық, әуе және теңіз дағдысы бойынша Армия халықаралық ойындарының 23 байқауының өткізілуі жоспарланған.

Ойындар Қазақстан мен Ресей Федерациясының аумағында алғаш рет өтеді.

Елімізде «Артиллериялық атыс шебері» және «Мерген шебі» атты 2 байқауды өткізу жоспарлануда. Әскери қызметшілеріміз барлық аталымдарда, нақтырақ айтсақ, 21 конкурста бақ сынайды. Сайысты өткізу орнында иректүтік, мина-жарылғыш қоршауы, оба, жолтабан көпірі іспетті кедергілері бар қашықтықығы 2 шақырым жерде артиллерияшылардың байқауын өткізу үшін даңғыл жолдың, сондай-ақ мергендік винтовкадан, тапаншадан ату және гранаталар лақтыру үшін барлаушының соқпақ жолының элементтері бар мергендердің байқауын өткізу үшін даңғыл жолдың салынуы жоспарланған.

«Артиллериялық атыс шебері» байқауына әрбір мемлекеттен 21 адамнан құралған команда, оның ішінде 5 адамға дейін 3 минаатқыш есептобы қатысады. Байқауды өткізу үшін әр командаға көп нысаналы жеңіл броньдалған тартқыш, минаатқыштар, автоматтар және гранаатқыштар ұсынылатын болады.

«Мерген шебі» байқауына әрбір мемлекеттен 7 адамнан тұратын команда, оның ішінде 3 мергендік жұп қатысады. Байқауды өткізу үшін әр командаға оптикалық көздеуіші және «Аселсан» түнгі көздеуіші бар Драгуновтың мергендік винтовкалары ұсынылады.

Өткен жылы алғашқы «АрМИ-2015» Армия халықаралық ойындары өткенін естеріңізге сала кетейік.
null null null null null null null null