ҚР Қорғаныс министрі МиГ-31 ұшағының апатқа ұшырауынан қайтыс болған экипаж командирі, полковник М. Едігеевтің отбасына, туған-туыстарына көңіл айтты

АСТАНА. 24 сәуір. ҚазАқпарат - ҚР Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков МиГ-31 ұшағының апатқа ұшырауынан қайтыс болған экипаж командирі, полковник Марат Оразұлы Едігеевтің отбасына, туған-туыстарына көңіл айтты.

ҚР Қорғаныс министрі МиГ-31 ұшағының апатқа ұшырауынан қайтыс болған экипаж командирі, полковник М. Едігеевтің отбасына, туған-туыстарына көңіл айтты

Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігіні баспасөз қызметі хабарлады.

«Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери қызметшілерінің атынан және өз атымнан жоспарлы ұшу оқу-жаттығу тапсырмаларын орындау кезінде МиГ-31 ұшағының апатқа ұшырауынан қайтыс болған экипаж командирі, полковник Марат Оразұлы Едігеевтің отбасына және туған-туыстарына қайғысына ортақтасып көңіл айтамын.

Орны толмас қазаны біз сіздермен бірге бөлісеміз», - делінген хабарламада.