ҚР Қорғаныс министрі министрлікке қарасты жоғары оқу орындарында болады

АСТАНА. Қаңтардың 29-ы. ҚазАқпарат – Ертең ҚР Қорғаныс министрі Даниал Ахметов Қорғаныс министрлігінің Алматы қаласындағы жоғары оқу орындарында болады,

ҚР Қорғаныс министрі министрлікке қарасты жоғары оқу орындарында болады
деп хабарлайды ҚазАқпарат министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жұмыс сапарының мақсаты ? казармалық-тұрғын үй қорын пайдалануға беру, құрылыс-жөндеу жұмыстарымен танысу, оқу-материалдық базаны дамыту және оқу үрдісінде интерактивтік жабдықтарды пайдалану.Қорғаныс ведомствосының басшысы әскери жоғары оқу орындарының оқу-материалдық базасын аралап көреді, Құрғақтағы әскерлер әскери институтының, Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының және Қорғаныс министрлігінің Әскери институтының оқытушыларымен және курсанттарымен жүздеседі.Сондай-ақ Қорғаныс министрі әскери пәндер кафедраларында, оқу корпустары мен кітапханаларда болады, курсанттардың тұрмыстық және демалыс жағдайларымен танысады. Бүгінде Қорғаныс министрлігінің мультисервистік ақпараттық білім беру ортасы құрылуда. Бұл - оқытудың заманауи әдістерін енгізуге, республиканың әскери оқу орындарындағы оқыту сапасын арттыруға және оны әлемдік стандарттар деңгейіне жеткізуге мүмкіндік береді. Оны енгізудің артықшылығы сол - әскери білім беру жүйесі оқытудың заманауи бағдарламалық-техникалық құралдарымен жарақтандырылатын болады.